Posted by: zhankuier | Желтоқсан 4, 2008

Ақ Ордадан жеткен «ақпараттар»


Астанадағы сарай төңірегіндегілер Ақ Ордада жаңа кадр өзгерісі болуы мүмкін деп жүр.

Ұзынқұлаққа сенсек, қазіргі парламент сенатының төрағасы Қасымжомарт Тоқаев ЕҚЫҰ (ОБСЕ)-на үлкен қызметке кетуі мүмкін. Оның орнына Астананың әкімі Иманғали Тасмағамбетов келеді-міс. Ал оның жылы орнына Қарағандының қазіргі әкімі Нұрлан Нығматулин жайғасады деген сөз бар.

Бұл ақпаратты zonakz.net сайтынан көруге болады


 

Әрине испандықтардың жеңісіне күман жоқ. Ойыншылар таңдауы жағынан Испания құрамасы Еуро чемпионатында ең күшті құрама болды. Командаға орындау шеберлігі өте жоғары жұлдыздар шоғыры жиналды. Жұлдыздардың көптігіне қарамастан Арагонес олардың жұмылған жұдырықтай ұйымдасуына қол жеткізді. Еуродағы 6 ойынды да испандықтардың бірдей дәрежеде жоғары нәтижемен өткізді.
Чемпионат басталғанда ақ испандардың бұл аламанға қыдырып келмегені бірден белгілі болды. Қазіргі әлем чемпионы Италия құрамасы Еуроға ойын жағынан да, физикалық жағынан да ештеңе қоспастан келді. Тек екі жылға қартайды демесеңіз. Бүкіл чемпионат бойы итальяндықтар ұзынтұра Лука Тониге допты әуелетіп берумен ғана есте қалды. Сондықтан голландықтар да, испандықтар да оларды қалпақпен ұрып алды. Француздар алаңның ортасында ойын өрнегін жасайтын ойыншысының жоқ екендігін әшкерелеп алды. Екінші Зидан деп аталып жүрген Рибери плеймейкерден көрі екінші шабуылшыға немесе шабуылшыға снаряд жеткізушіге көбірек ұқсайды. Ал ойынның мозаикасын жасайтын ойыншы көрінбеді. Үлкен үміт артылған Бензема, Бен Арфа, Самир Насри секілді француз футболының жаңа шоғыры үмітті ақтамады. Ал бабы қайтып бара жатқан жалғыз Анримен алысқа бара алмайсың.
Фавориттердің бірі Португалия құрамасы мынандай қорғанысымен алысқа бара алмайтыны белгілі. Әрі Декуды алмастыратын орталық ойыншы жоқ. Орталығың әлсіз болған кезде Роналду мен Куарежма қапталдан қанша шабуылдаса да одан пайда жоқ. Оның үстіне алғы шептегі шал Гомешті лайықты алмастыратын шабуылшы табылмады.
Көршілеріміз Ресей құрамасы тәуір ойын көрсетті. Қорғанысқа бейім жартылай қорғаушылардан шабуылдаушы жартылай қорғаушылар мен қарсы шепке жиі баруды ұнататын қорғаушылардан тұратын тактиканы ұстанған Хиддинк орыс футболын жаңа белеске көтерген секілді.

«Футболды екі команда ойнайды, ал бірақ әрқашан немістер жеңеді» деген қағида бар емес пе? Міне, сол мәтелге айналған сөзді испандықтар ақтық сында неміс құрамасымен қосып тас-талқан етті. Әрине немістер өте жоғары деңгейде ұйымдасқан команда болды. Алайда испандар темірдей тәртіп пен шеберлікті, ұшқырлықты ұштастыра білді.

Ойынға қос бірдей қорғанысқа жақын жартылай қорғаушыларды қойған Германия испандардың Хави, Иниеста, Сильвадан тұратын мобильді плеймейкерлеріне төтеп бере алмады. Олар жасаған «үшбұрыш» қатаң неміс редуттарын әбден шатастырды. Нәтижесінде қос қапталдағы шабуылға бейім Рамос пен Капдевиля еркіндік алды. Баллак бастаған неміс шабуылы испандардың Сенна атты жұдырығынан кері серпіліп жатты.

Қазір футбол мамандары Испания құрамасының ойын тәртібін таразылап, анықтаумен әуре. Менің ойымша, Арагонес Испания құрамасына «тотальды футбол» тактикасының жаңа нұсқасын енгізген секілді. Яғни испандықтар шабуылдағанда тайлы-таяғымен қарсыластың алаңына лап берсе, қорғаныста да бәрі бірдей қол үшін берумен болды. Әрине, әр ойыншының жеке шеберлігі де үлкен әсер етті. Сонымен бірге испан құрамасында әркімнің өзінің нақты функциясы да болы. Қорғаныстың қос қапталындағы Серхио Рамос пен Капдевилланың біріншісі жиі шабуылға қатысса, екіншіс оң қанаттағы бос кеңістікті жауып отырды. «Блаугрананың» иль-капитаносы Карлес Пуйоль орталық қорғаушы міндетін өте жақсы атқарды. Пуйоль қызуқандылықпен біраз қателіктер істегенімен, оның әріптесі Марчена өзінің сабырлылығымен орталық қорғаныста жақсы баланс жасады. Орталық алаңдағы керемет Маркуш Сенна Хави мен Иниестаға шабуыл шығармашылығымен еркін айналысуына мүмкіндік берді. Сеннаның ойыны керемет әсер қалдырды. Қорғанысқа жақын жартылай қорғаушы барлық ойында да қарсыластың белді ойыншыларын байлап-матап тастады. Айтпақшы Сенна Еуропа чемпионатын ждеңіп алған тұңғыш бразилиялық. Германиямен болған ақтық ойында немістердің капитаны Баллакқа титтей де мүмкіндік қалдырмады. Мұндай ойнынымен Сенна Фрингс пен Хитцльшпергерге арнап «Қорғаныстың алғы шебінде қалай ойнау керек» деген атпен оқулық та жаза алады деп ойлаймын.

«Барсаның» кантераносы Хави мен Иниеста сөзсіз жаңа мыңжылдықтағы ең интеллигент футболшылар боп табылады. Бойлары аласа болғанымен футболдық ой өрісі өте биік қос футболшы чемпионат бойы қарсыластарды өте дәл, нәзік әрі ақылды ойынымен пастарымен титықтатып шықты. Айтпақшы, екеуі сол күйлерін жоғалтапған екен. Оған «Барселонаның» Испания примерасындағы жақсы нәтижелері дәлел.

Қос қапталдан да шабуылдай алатын шаршамайтын реактивті Сильва, Хави секілді диспетчердің пасын Торрес пен Вильяға дәл жеткізумен қатар кейде өзі де сол шабуылдың нүктесін қоып жүрді. Ал чемпионаттың үздік бомбардирі Давид Вилья тумысынан мерген екенін дәлелдеп келеді. «Жарқанаттардың» (Испанияда «Валенсияны» осылай атайды) примерадағы тәуір көрсеткіштерінің 50 пайызы Давидтың сұрмергендігінің арқасы. Ал финалда мақтаулы неміс қорғаушысы Ламды алдап өтіп, Леманның үстінен ала допты шеберлікпен асыра салған Торрестің жарық жұлдыз екеніне ешкімнің күманы болмас.

Ал алаңдағы ойыншыларды алмастырған Гуиса, Фабрегас, Касорла, Алонсолар ойынға тың серпіліс бермесе, чемпионат бойы Испания құрамасының әдемі ойын өрнегін бұза қойған жоқ. Ең қызығы Иль Сабионың схемасы бойынша «Арсеналдың» шабуылыны ұйымдастыратын басты скрипка Фабрегас құрамада қорғанысқа жақын жартылай қорғаушы болды. Ал примерада «тоғыздықтың» рөлін атқарған Гуиса Еурода шеткі шабуылшы рөлін де атқара алатынын көрсетті.

Бір сөзбен айтқанда «Қызыл Фурия» Еуро 2008 де жаңа ғасырдың шабуылға, ақылды ойын мен ұшқыр шешімдерге, броундық қозғалысты еске түсіргенімен іштей қатаң ережелерге бағынған жаңа футболды ұсынды. Мұндай ойынмен испандар екі жылдан кейін Африкада әлем чемпионы тәжін де киюі мүмкін.

Posted by: zhankuier | Желтоқсан 4, 2008

Блог туралы


Ассалаумағалейкүм бауырлар

Блог бастауды көптен ойлағаныммен мойын жар бермей жүр еді. Сәті енді келген секілді.

Блогым туралы не айтуға болады. Егер футбол, саясат, экономика, ұлт мәселелері қызықтырса, онда аталған тақырыптарға байланысты осы жерден біраз нәрсе табарсыздар деп ойлаймын. Олай болса хош келдіңіздер. Блогымның бісмілласында биылғы жазда Еуропаның футболдан тәжін киген Испания құрамасы туралы шағын мақала жарияламақпын.

  

« Newer Posts

Санаттар