Posted by: zhankuier | Шілде 20, 2011

Қазақстандағы соңғы оқиғаларға қатысты тағы бір көзқарас


Мамыр айынан бері елімізді дүрліктірген біраз оқиға болды. Жер сілкініп, Алматының халқы ұлардай шулаған мамырдың бірі күні қаланың іргесіндегі Думан кентінің төңірегіне жиналаған бес жүз қаралы адам бос жатқан жерге қада қағып, «жер иеленушілер» атанды. Иесі болса да иесіз жатқан жер баспана жалдап, қаңғып жүрген талай қазақтың көзіне күйік боп жүрді. Ақыры, бұрынғы еңбекшілер күні қазіргі ынтымақ күнінің қарсаңында аяқ астынан сол жерді басып алды. Ақыры немен тынғанын газет оқып, теледидардан сериалдың арасында жаңалық та көретіндер жақсы біледі. Одан кейін Ақтөбедеге ҰҚК ғимаратына кірген жанкешті өзін жарып жіберді. Артынша, Астанадағы ҰҚК ғимаратының жанында жеңіл автокөлік жарылып, екі адам мерт болды. Мамыр мамыражайлық танытпады. Әділетті жалақы талап еткен Маңғыстаудағы мұнайшылар ереуілі бұрқ етті. Алдымен негізінен итальяндар иелік ететін «Ерсай Каспиан Контрактордың» жұмысшылары бастаған наразылықты Жаңаөзен мен қытайларға жарты үлесі тиесілі «Қаражамбасмұнайдың» қолдап әкетті. Миллиондаған баррель мұнайдың миллиардтаған көк қағазға айналып жатқанын мұнайшылар көріп отыр. Бірақ аспан астында жүзі тотыққан жұмысшылар сол байлықты игерсек те, неге біз таза кеңселерде, кондиционердің астында салқындап отырған ақ жағалылармен салыстырғанда тиын тебен алуымыз керек десті. Бұл ереуіл әлі жалғасып жатыр. Президенттің үлкен күйеу баласы Рахат Әлиевтің мәселесіне бола Қауіпсіздік Кеңесін жиған Ақорда аштыққа жатқан жұртқа еш жауап бермеді. Керісінше ереуілшілер ел эккономикасына залал әкелген зиянкестер боп шықты. Мұнайшылардың мұң шаққанына бір айдан асқанда, маусымда Астана Шанхай Ынтымақтастығы Ұйымының он жылдық мерейтойлы саммитін дүркіретіп өткізді. Оның алдында, сәуірдің аяғында осы ұйымға мүше елдердің қауіпсіздік кеңесінің хатшылары жабық есіктің ар жағында біраз келісімдерге қол қойып, алдағы саммиттегі келісетін тұстарды, кімнің не айтатынын пысықтап алған болатын. ШЫҰ саммитінде Қытайдыњ асығы алшысынан тұрды. Ең үлкен делегациямен келген аспан асты елінің әлемдік алпауытқа айналуы, амбициядан объективті шындыққа айналғаны сөздерінен де, жүрістерінен де байқалып ақ тұрды. Ұйымға мүше барлывқ елдерді несиемен жарылқап тастаймын деп мырзалық танытты. Американың айдауымен жүреді дейтін Ауған президенті Карзайдың өзі жата кеп аспан асты елін мақтады. Дипломатияның бұралаң, түсініксіз тіліне шебер Нұрсұлтан Назарбаев бұл жолы баяндамасында антиамерикалық сарынды жасырмай көрсетті. Ақорда көп векторлы саясатпен бірге, енді жақын көршіге бет бұру саясатын да кең қолдануға бел шешкен секілді. Сөйтіп, саммит Қытайдың геосаяси тұрғыда салтанат құруымен аяқталды. Бұл әрине, батыстағы анлосаксон топтарына ұнамайды. Осыдан кейін, Қазақстанда түсініксіз жағдайлар басталып кетті. Ақтөбеде полицейлерді өлтірген топты ұстауға бүтін бір армия жіберілді. Атқандар уахаббшылар екен деген сөз тарады. Олардың басына бұған дейін елде болмаған сыйақы – жүз мың доллар тігілді. Соншама ақша тігілген топ нағыз дайындыықтан өткен содыырлар ма дестік. Ал бірақ олардың ұрыс жүргізу тәсілі, жалпы ашық қимылдауы әскер тактикасынан хабары бар адам үшін түсініксіз нәрсе. Өрімдей жас балалардың сондай бір арнайы дайындықтан өтті дегенге сене алмаймын. Екіншіден, америкалық Google компаниясы Қазақстаннан кететінін жария ғып, бірнеше күннен кейін қайтып келді. Ресми түрде компания мұны Қазақстандағы итернет туралы заңнама талаптарымен келіспегенімен түсіндірді. Артынша, Астана һәм президенттің туған күніне аттай қалап шақырған британ әншісі Стинг келмей қалды. Халықаралық ұйымдардан елдің батысындағы мұнайшылар ереуілі туралы естіген әнші жұмысшысын қанаған елге коцерт қоймай депті. Стингтің бұл әрекетінің салдары америкалық «стингер» зымыранының соққысынан кем болмады. Енді, міне күні кеше Маңғыстаудағы мұнайшыларға Еуропарламенттің депутаты бастаған топ келіп кетті. Алматыда журналистерді жинаған шетелдіктер, Ақорданы дипломатиялық тілдің шамасы жеткенше сынап ақ кетті. Енді, осы оқиғаларды бір тізбекке жинасақ, әр бөлшегін қиыстырып құрасақ бір мозаиканың қалыбы шығады. Стингтің мұнайшылар мұңына бола пәленбай ммиллион доллардан бас тартқанына өз басым сеніңкіремеймін. Егер шынымен бұл азаматтық позициясы болса, онда қол соғам. Бірақ Стинг осыдан екі жыл бұрын еууропалықтар диктатор санайтын өзбек президенті Каримовтың қызының алдында ән салды емес пе? Қазақтар Стингке өзбектерден кем төледі деп ойламаймын. Сонда бұл не? Меніңше, бұл оқиғалардың түйіні Ақорданың саясатын ұнатпаған батыстағы ықпалды топтарда жатыр. Қараңыз, көктемде америкалық алпауыт мұнай компаниясы Shell Қазақстандағы барлық жобасын тоқтатты. Ағылшын, америкалық мұнай компаниялары елде жұмыс істеу мүмкін емес деп шағымдана бастады. Бұрынғы достар – қазақ үкіметі мен шетелдік инвесторлар арасында текетірес басталды. Есесіне, қытай инвесторларының асығы алшысынан түсті. Қазір Қазақстан кей дерек бойынша, Қытайдың энергетикалық сұранысының 12-15 пайызына дейін қамтамасыз етеді. Бұл сан алдағы уақытта өсе бермек. Елбасы бірнеше мәрте доллардан бас тарту туралы емеурін білдірді. Мұның бәрі, әрине кімге ұнамайтыны түсінікті нәрсе. Егер осы тұрғысынан қарасақ, елдегі болып жатқан оқиғалар Батыстан Ақордаға берілген ескерту белгісі секілді боп көрінеді.


Responses

  1. Жақсы сараптама…

  2. пікір білдіргендеріњізге рахмет


Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out /  Өзгерту )

Google photo

You are commenting using your Google account. Log Out /  Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out /  Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out /  Өзгерту )

Connecting to %s

Санаттар

%d bloggers like this: