Posted by: zhankuier | Шілде 7, 2011

Астананың тойы туралы


Астана мен Елбасының туған күні биыл да дүрілдеп өтті. Ресейлік композитор Игорь Крутойға Қазақстанның халық әртісі атағын беретін де кез болған секілді. Қазақтың тойына бір кісідей ат салысқаны үшін. Роялын арқалап келіп, концерт қойғаны үшін миллиондап ақша алса да… Есесіне, қазақ көрерменін батыстың өнерімен сусындатып жатыр емес пе?
Стинг келе ме деп едік… Сөйтсек ол, қайдағы бір «Амнести Интернешнл» деген ұйымдағы әлдекімдердің сөзіне еріп, концерт қоюдан бас тартты. Батыстың әншісі Қазақстанның батысындағы мұнайшылар ереуіліне осылайша қолдау білдіріпті. Мұныысы тіпті қызық болды, біз үшін. Мысалы, «Ұлытау» тобы елді дефолтқа әкелген грек үкіметіне қарсылық ретінде Афиныда концерт беруден бас тартқан жағдайды елестетіңізші? Қазақы қоғамның басына кірмейтін құбылыс бұл. «Шақырғаннан қалма, шақырмасаң барма» деген. Бірақ Стинг басқаша ойлады. Мейлі, қазақтың ақшасын артық көрсе өзі білсін. Қазақ үкіметі былқ етпеген ереуілшілерге неге емешегі үзілгенін Есілдің бойындағы бірталай адам сол күйі түсіне алмады білем.
Жә, Стингсіз де той өтеді, дәлірек айтқанда өтті. Саясаттан аулақ жастарға Араштың келгені де үлкен мереке болды.
Бірақ, бір елдегі ортақ тойды бүтін елдің бірге тойламағаны алаңдатады. «Бармасаң, келмесең, жат боласың» деген бар. Аста –төк той жасаған Астанадан мың шақырымдай жердегі Маңғыстауда мыңдаған адам наразылық білдіріп жатыр. Мәселе олардың әлеуметтік талаптарында емес, ең бастысы, жалпыұлттық идея, жалпыұлттық қуаныш болмады. Ауылда, ағайынының бірінің басына іс түссе, тойға дайындалған туысы мерекесін кейінге шегеретін дәстүрі бар. Әрине, Астананың тойын ереуілшілерге бола тойлатпай тағы қалмайсың. Тек танымайтын адамдар ғана, қара жамылған үйдің жанындаа тойын жасайды. Өйткені ол үшін ананың қайғысы ортақ емес, ол мүлдем басқа адам. Теледидардан Африкадағы Руанда елінде қырылған адамдарды көргенде, бәріміз алдаа обал болған екен деумен шектелеміз. Адамға жасалған қиянат тоқтаатылсын деп, ешқайсымыз көшеге шықпаймыз. Себебі, ол алыстағы, атын ғана білетін бьір елдің басындағы жағдай. Ең қауіптісі де сол, Маңғыстаудағы адамдардың тағдырына Руандадағы тайпалардың қасіретіне қарағандай көңілде болмау керек! Өйткені біз, бір елміз! Бауырың қиналып жатса, бір тілім нан қайтіп тамағыңнан өтеді?
Олардыкі заңсыз дейді прокуратура. Бірақ, заң дегеніміздің өзі мұнайшылар секілді екі қол, екі аяғы бар кәдімгі адамдармен жазылған ереже емес пе? Заңнан халық қаймығады, бірақ ол түземейді. Тек ар, ұят қана қоғамды рухани тәртіпке шақырады. Америкалық үндістер, америкалықтарды «ақымақ» деп санайды. «Неге» деген сұраққа, «олар баспен ойлайды, ал дұрысында жүрекпен ойлау керек» деп жауап береді.
Ал, жүректі тыңдасақ, ол қасаң экономикалық мүдде, қатып қалған есептен бұрын, адамның өзін бағалау тұрғысынан шешім қабылда дейді.
Астана күні барша қазақтың тойы болса екен. Теледидардан Астанадағы қызылды-жасылды отшашуды көрген жан үшін ол бөтен мереке болмаса деймін.


Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out /  Өзгерту )

Google photo

You are commenting using your Google account. Log Out /  Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out /  Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out /  Өзгерту )

Connecting to %s

Санаттар

%d bloggers like this: