Posted by: zhankuier | Шілде 6, 2011

ҚАЗАҚИ ТӘРБИЕНІҢ БІР ҚЫРЫ


 

  Қазақи ауылда дипломсыз қыз абыройсыз қыз секілді естіледі. Неге екені белгісіз, «пәленшенің» баласы дипломы бар келін түсіріпті дегенді ауылдың кемпірлері құдды бір қазақтың баласы Марсқа қоныпты дегендей ғып айтады.

 Осындай «қоғамдық пікірдің» кесірінен кез-келген қазақ үйі қыздарын оқытуға тырысады. Ал ұлына келгенде, «әй, кетпен ұстаса да бірдеңе ғып күн көреді» – дейді. Арман болған Алматыда жүріп, қызығы мен шыжығын көрген қыз бала өлсе ауылға оралғысы келе ме? Біраздан соң ауылда қалған, «көн етікті» болған құрдасына, кластасына шекеден қарай бастайды. Ал қаланың «көк етіктісінің» көкейіндегі қыз ауылдан шыққан бойжеткендердің арасынан табыла бермейді. Сөйтіп, кәрі қыздар қаптап кетті дейміз.

Қазір дағдарыс кезінде , түрлі қызмет көрсету кәсіпорындары жабылып жатыр, ал онда істейтіндердің басым бөлігі — қыз-келіншектер. Соған қарамастан қалаға ағылған әйелдердің саны толастар емес. 

  Алматы қалалық статистика департаментінің мәліметіне қарасақ, елдің бас мегаполисіне басқа қалалардан келушілердің қарасы азаяр емес. 2009 жылдың басынан бері Алматыға Қазақстанның өзге аймағынан 39 537 адам келіп, олардың 14 мыңнан астамы қалада қалған. Енді қараңыз, келгендердің ішінде әйелдердің қарасы басым: 23 мыңнан асады. Оның ішінде 10 мыңы қалада қалған. Алматыны жағалап келген еркек кіндіктілердің санынан  1 жарым есе көп.

 Бұл санның бір бөлігін ЖОО-на келген студенттер құрайды, тағы бір бөлігі базардағы әйелдер армиясының қатарын толтырады. Сейфуллин мен Сайын көшесіндегі «базаршыларды» да ұмытпаған жөн. Қорытынды: әйелдер ішкі көші-қонда белсенді бола бастады.  Бұл әрине, бір жағынан «қысылғаннан қыз болғанның кері». Өйткені қалаға қыз-келіншектерімізідің қыдырып келмегені түсінікті. Баяғы сол күн көрістің қамы. Бірақ, мына жайды да бәріміз байқап жүрміз. Кафе, мейрамханаларға бас сұқсаңыз, негізінен қыздарды көресіз, түнгі клубта «шайқап» жүргендердің арасында да қыз-келіншектер бір қауым.

 Қазір жақсы қызметі бар,  бірақ «отырып» қалған қыз-келіншектердің қарасы көбейді. Балаға білім берудегі отбасылық осындай көзқарас  қала мен ауылдың арасындағы алшақтықты ушықтырып жіберді. Қаншама қыздың «ауылға барғым келмейді, байсыз жүрсем де қалада қалам» дегендерін естідім. Тіпті көңілі қалағаннан бала туып алып, өзінше отбасылық «бақытын» тапқан келіншектер қаншама?      

  «Кетпен ұстап, күн көретіндер» де қалаға келіп жатыр. Ауылдыың балаларын айтам. Құрылыс пен базардың маңындағы «сары желет» кигендердің армиясы осылардан тұрады. Кілең қара қазақтар. Өз басым 100 теңгеге бола, көліктің астына түсіп кете жаздап жүгірген, басқа ұлттың баласын көрмедім. Арба сүйреп, арқа еті арша болған қазақтан басқаны байқай алмайсың.  Әрине, әлеуметтік аурумызды қазақтың тәрбиесіне жауып тастай алмаймыз.  Дегенмен де… Баланың тәрбиесіне ұлттың тәрбиесі деңгейінде қарасақ, күн астынан орнын таппай жүрген күнқақты болмас па едік?

Ерлеріміз бен әйелдеріміздің арасындағы осындай әлеуметтік, экономикалық алшақтық сөз жоқ, демографияға, яғни ұлт қауіпсіздігіне қауіп төндіреді. Қыз баланы оқытуды шариғатқа қарсы деп түсінетін Ауғанстан секілді елдердің қаншалықты артта қалғанын бәріміз көріп отырмыз. Ал ұлт тәрбиесінің алтын қазығы — бала тәрбиесіне осылай қарасақ, біздің де шекеміздің қызбасы белгілі. Әрине, бұл жаппай бел алған құбылыс деуге болмас. Алайда, осындай үрдістің қалыптасқаны айдан анық.


Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out /  Өзгерту )

Google photo

You are commenting using your Google account. Log Out /  Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out /  Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out /  Өзгерту )

Connecting to %s

Санаттар

%d bloggers like this: