Posted by: zhankuier | Шілде 4, 2011

Соңғы ойлар.


Қытайдың коммунистік партиясының құрылғанына тоқсан жыл толуына орай, көрші Аспан асты елінде Қытайдың амбициясы мен халқының санына сай келетін мерекелік шаралар өтуде. Оның біразы туралы Қытайда қазақ тілінде шығатын http://kazakh.people.com.cn/kryl/ газетінде егжей-тегжей баяндалған. Қатеден көз ашпаған, шалағай қазақ тіліндегі бұл сайттың басты ерекшелігі, оны кирилл қарпіндегі қазақ тілінде де оқуға болады. Шыңжаңдағы қазақтардың дені Ахмет Байтұрсын баласының төте арабшасымен оқып-жазатынын ескерсек, кирилл қарпінде оқу кіім үшіін қажет болды деген сауал туады. «Самарқанның көк тасына» дейінгі жер аспан асты еліне қарайды деп санайтын ханзулардың саясаты Цинь империясынан бастап, Мао Цзе Дунньнан бері еш өзгерген жоқ. Жалпы қытай халқы тарихында, саясатында бір нәрсені өзгертуге аса құлықсыз. Ол үшін он ойланып, жүз толғануға бар. Дегенмен бұл сайтта қынжылтатын бір нәрсе, кириллица қарпіндегі қазақ тілінің бейшара халі. Орыысша ойлайтындардың қазақша жазғандарына қарап жүрегіміз ауырып жүргенде, қытай қазақтарының қазақшасы тіпті түңілдіріп жіберді. «Қайда барса да, қазақ тілінің көрі болды ғой».

 Айтпақшы, Қытайға қатысты тағы  бір жаңалық. Қытайдың мемлекеттік банкі соңғыы кездері қазынасындағы доллар қорынан  күн сайын 2 млрд доллар сатып жатыр. http://actualcomment.ru/news/26810.html   Бәзбіреулердің болжауынша, орнын евромен толтырмақшы-мыс. Несі бар, Қытайдың соңғы кездегі АҚШ-пен арадағы қарым-қатынасына қарасақ, орынды қадам. АҚШ Оңтүстік Қытай теңізінен табылған пайдалы қазбалар кеніндегі таласта Филиппинді жақтап отыр. Ал Қытай мұхиттар мен теңіздегі пайдалы қазбаларды өндіруден әлемде алдына жан салмайды.  Кен демекші, тееңіз астындағы байлыққа қатысты мына бір жаңалықты даа көріңіз. http://news.nur.kz/188819.html.

 Енді Қытайдың евро сатып алуына келсек. Қытай жақында Германияның өзіне он бес ммлрд доллар қарыз беерем деді. Испанияның алты млрд евро болған мемлекеттік қарызын сатып алуға дайыын екенін білдірді. Осы жерде, бір сәт кідірейікші. Алты млрд евро. Испанияның алпауыт екі футбол клубы: Мадридтік «Реал» мен Каталуниялық «Барселонада» ойнайтын ойыншылардың трансферлік құнын қосқанда млрд евро шығады. Сондай ел, алты млрд евро мемлекеттік қарызына бола байбалам салып жатыр. Европалықтарды түсіну қиын өзі. Далиған даласындай мінезі бар біздерден үлгі алса ғой. Кей дерек бойынша, сыртқа жүз он тоғыз млрд доллар қарыз болсақ та, дамыған елдер қатарына кіру үшін күндіз-түні дамылсыз дамып келе жатқан ел емеспіз бе? Ресми баспасөздің айтуынша… ал ресми баспасөзге біздің елімізде тарихи жағдаят бойынша ел қалтқысыз сенеді. Он шақты жыл бұрын болған бір оқиға есіме түсіп отыр: түсіру тобы бұрқасын бораны қарыымен араласқан бір түнде айдаладағы шопанның үйіне жеткен едік, түнделетіп. Сөйтсек, ол үйдегі кемпірден басқа жан біздіі келеді деп күтпепті. Апамыздыың сонда, «айттым ғой, үкімет айтса, келем деген жеріне келеді»- деп мәз болғаны бар. Жә, бірді айтып бірге кеттік. Сонымен бұқаларды діңкелетіп, өзіне бағындырған матадорлар қайдағыы біір алты млрд евроға бола неге аласұрды деймін да. Біздің қарызды кім сатып алар екен? Жақын арада Қытайдан басқа қалталы саудагер көріп тұрған жоқпын. әрине, қытайдың доллаар сатқанынан әміркеннің көк қағазы бір күнде … сүртерге айналмасы анық. Оған Қытайдың өзі де дайын емес. Бәрібір, Қытайдың саудасының дені мұхиттың арғы жағындағы алпауыт елмен жүреді. Тек Европаны «қытайша сауықтыру» бағдарламасының түп төркінінде болашақта әміркеннің көк қағазынан экономикалық жағынан тиімді құтылу мақсаты жатыр. Бұл жерде оның қалай жүзеге асуы мүмкін екенін сағызша созыып айтып жаатпайын. Экономикадан және геосаяси жағдайдан хабардар оқырман өзі де әрі қарай түсініп алар.

Ал екі алпауыттың арасындағы текетіресті тәптіштеп нееге жазып отыр дейсіз ғой, баяғы? Онда географиядан, әлемнің геосаяси құрыылымынан хабарсыз боп шығасыз. Қазақ елі Қытайдың құдай қосқан немесе тектоникалық плиталар қосқан көршісі. Азия мен Еуропаның ортасындағы көпір. Энергетикалық пайдалы қазбаларға бай ел.  Мұндай ел әлемді билегісі келген түрлі «uncl»-дар мен басқалар үшіін әрқашан тәтті майшелпек. Ал ШЫҰ ның Астанада өткен мерейтойлы саммиті «қазақ шелпегі» үшін тартыста армиясының саны жағынан Гиннестің рекордтар кітабына лайық қысық көз көршілердің жолы болғанын бағамдауға болады. Бұл туралы кейінірек.


Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out /  Өзгерту )

Google photo

You are commenting using your Google account. Log Out /  Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out /  Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out /  Өзгерту )

Connecting to %s

Санаттар

%d bloggers like this: