Posted by: zhankuier | Маусым 1, 2011

ИПОТЕКА


Оны үйінен қуды, ал ол өмірден өтті. Отыз сегіз жастағы павлодарлық Марат Нүркенов өзін көпбалалы отбасымен ипотекалық үйнінен шығаруға қарсылық ретінде он қабатты үйден секіріп кетті. Отағасынан айырылып қалғандар, оның жансыз денесін құшақтап аңырап жатқанда, сот орындаушылары олардың үстінен аттап өтіп, үйден дүние мүлікті шығаруды жалғастыра берді. Ал павлодарлық сот орындау департарменті марқұмның туысытарына көңііл айтудың орнына, банктің талабын орында деп сан рет айттық деп қара жамылғандардың өзін айыптады. Мұның сыртында үйлерінен қуылып жатқан тағы екі әйел өздерін өртемек болды.

  Бұдан бұрынырақ, Алматыда бозбала асылып өлген еді. Кәмелетке де толмаған балаға, банк марқұм анасының ипотекалық борышын іле салған.

  Бұл не? Біздің қоғамда адамгершілік, иман атаулы моральдық категориялар қайда кетті? Кеше ғана сол банктер құшақ жая қарсы алып, несиені тегін беретіндей боп шақырды емес пе? Осыдан үш төрт жыл бұрын БАҚ тағы жарнаманың жетпіс пайызына дейін банктердің үлесіне келетін. Қазақстан тұрғындары үшін, баспана ең өзекті мәселенің бірі. Ал теледидарда арман болған әсем үйлер мен пәтерді сатып алуға ақша береміз деген «жомарт» банкирлердің ұсынысы бәрін де қызықтырды. Ал үкімет өркениетті елдерде тұрғындардың несиеге өмір сүретінін үлгі етті. Бұл нарық экономикасындағы қалыпты жағдай десті. Кепілдік те берді.

 Ал енді… Енді билікке, банкирлерге сенген халық несиені алғаны үшін кінәлі боп шықты. Сұрақ көп, жауап жоқ. Мысалы, дағдарыс келген кезде неге үкімет ең алдымен банктерге көмектесті? Сіз бен біздің салығымыз неге ең алдымен сол өсімқор банкирлердің капиталын құтқаруға жұмсалды? Қазір, ес жиған соң, неге олар өздеріне көмектескен азаматтарды үйінен қуып шығады? Бәзбіреулер мені экономикалық сауатсыз деп айыптар. Банк деген экономиканың күретамыры дер. Ал мен айтайын, банктер экономиканың қатерлі ісігіне айналды. Өсімқорлық, біреудің ақшасын депозит деген атпен алып, екінші біреуге үлкен пайызбен беру үшін үлкен экономист болудың қажеті жоқ. Егер экономика деген осы болса, бұл тек ақша мен пайыздардың экономикасы. Экономика сөзінің өзі грек тілінен аударғанда «үй шаруашылығы» дегенді білдіреді. Сонда бір үйде біреудің жұмыс істеп, ал екіншісінің ақша дейтін қағазға ананың өнімін алуының қандай эккономикалыық пайдасы бар?  Екінші деңгейлі банктерден нақты өндіріске несие алудың қандай қиын екенін кез келген кәсіпкер жыр ғып айтып беере алады. Өйткені банктерге ұзақ мерзімдіі өндіріске ақша беру тиімсіз. Оларға дәл қазір, тез арада пайда тапқан тиімді. Өйткені олар біреудің ақшасын сізгее беріп отыр. Ипотекалық қарбалас пен тұрғын үй бағасының аспандауында тығыз байланыс бар. Өзара сөз байласқан құрылыс компаниялары мен банктер бағаның шарықтауына мүдделі болды. Үлкен ақша жүрген жерде адамгершіліктің құны төмендеейді, мораль инфляцияға ұшырайды. Ашкөзділік пен ауадан ақша жасаудың арты қаржы дағдарысына ғана емес рухани дағдарысқа тірейді. Ал оның құрбандары павлодарлық жігіт секілді қарапайым жандар.

  Ал оның отбасы жиырма бес мың АҚШ долларының төрт мыңын ғана  төлей алмай қалған!!! Мерзімін шегеруге банк келіспеген.

 Ал, салық төлеушілердің ақшасы дағдарыс кезінде сол банктерді құтқаруға кетті. Парадокс! Біз өзімізді сорып отырған банктерге тағы көмектесеміз. Алайда бұл билік үшін парадокс емес!!! Неге екенін айтпай ақ қояйын.

Тек, енді ипотека дегенге жоламаймын. Ол исламша, «ширк», христианша «табуға» айналды мен үшін.


Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out /  Өзгерту )

Google photo

You are commenting using your Google account. Log Out /  Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out /  Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out /  Өзгерту )

Connecting to %s

Санаттар

%d bloggers like this: