Қазақстан-Түркия 0-3. Қашан біз футбол ойнаймыз? Балалар футболын дамытпайынша көрінгеннен жеңілгеніміз жеңілген. Академиялық футбол ойнап жүре береміз осылай. орталық алаңға дейін доп барады да, әрі қарай допты не істерлерін білмей тұрып қалады. Испанияда допты не істеріңді білмесең Хавиге пас бер дейді. Соңғы пас деген біздің ауру болды. Құраманың қос қапталы түріктердің жолына кілем төсеп берді. Голдың бәрі дерлік қапталдан келді. ол жақта түріктер ойына келгендерін істеді. Орталық қорғаушылар Көмекке барудың орнына, топырлап түріктің бір шабуылшысын күзетті. жылдамдық, реакция деген атаулы қазақстан құрамасына жат ұғым секілді. Өстіп кезекті бір құрамадан таяқ жеп отырғанда, өзбектер балалар футболын дамытып, Месси, Роналдуларды шақырып мастер-класс өткізуде.
ұрымтал, пікіріңе рахмет. алдағы уақытта мүмкіндігінше футбол тактикалары туралы, қазақ футболындағы болашақ мықтылар туралы жазуға тырысам))
By: zhankuier on Қараша 1, 2010
at 12:13 тк