Posted by: zhankuier | Қазан 8, 2012

Нобель сыйлығы туралы


Осы аптаның жұмасы, қазанның 12-де, Швеция астанасында Нобельдің бейбітшілік үшін берілетін сыйлығына іріктелген үміткерлердің есімдері анықталады. Бұл сыйлық «болдым, толдым» деген саясаткерлердің бенефисі үшін жалғандағы  ең үлкен марапат боп саналатын көрінеді.

Жапондардың біздің президентті осы сыйлыққа ұсынғаны белгілі. Алайда бүтін жұрт басқа саладағы Нобель сыйлығына дәмесі барлр туралы жарыса жазып жатқанда, Қазақстанның басты БАҚ-ры әдеттегідей үнсіз. Әлде, елдегі ішкі саясатты тонның ішкі бауындай өзіне жақын көретін Президент Әкімшілігінің жаңа басшысынан бұйрық күте ме? 

Ресейлік басылымдардың жазуынша, осы аталым бойынша 231 үміткерден тұратын лонг-лист бар. Көрші елдің қалм ұстағаны мен саапшысы бар бұл жолы қоғам белсендісіретінде танылған ауған әйелінің бәсі жоғары деседі. Түрмеде отырған Юлия Тимошенко алдыңғы бестіктен аталады. ( http://www.utro.ru/articles/2012/10/08/1076449.shtml
 http://novostimira.com/novosti_mira_16166.html )

 Билл Клинтон, Гермут Кольдердің есімін ауызға алған орыс журналистері белгісіз себеппен біздің Елбасын атамайды. Көре алмай ма? деп қоясың бір жағынан. Немесе біздің президеттің әлемдік деңгейдегі рөлі туралы білмейді.  Қазақстанға келсе, Елбасының Ұлы Миссиясы туралы бірталай адам айтып берер еді. http://news.nur.kz/220652.html     

Жарайды, елемесін, көрмесін. Онсыз да біздің президент атақ пен абыройдан кенде емес. Сол Нобель сыйлығын иеленгендердің арасында қайсысы «Ұлт Лидері» деген атақ алыпты? 


Мамыр айынан бері елімізді дүрліктірген біраз оқиға болды. Жер сілкініп, Алматының халқы ұлардай шулаған мамырдың бірі күні қаланың іргесіндегі Думан кентінің төңірегіне жиналаған бес жүз қаралы адам бос жатқан жерге қада қағып, «жер иеленушілер» атанды. Иесі болса да иесіз жатқан жер баспана жалдап, қаңғып жүрген талай қазақтың көзіне күйік боп жүрді. Ақыры, бұрынғы еңбекшілер күні қазіргі ынтымақ күнінің қарсаңында аяқ астынан сол жерді басып алды. Ақыры немен тынғанын газет оқып, теледидардан сериалдың арасында жаңалық та көретіндер жақсы біледі. Одан кейін Ақтөбедеге ҰҚК ғимаратына кірген жанкешті өзін жарып жіберді. Артынша, Астанадағы ҰҚК ғимаратының жанында жеңіл автокөлік жарылып, екі адам мерт болды. Мамыр мамыражайлық танытпады. Әділетті жалақы талап еткен Маңғыстаудағы мұнайшылар ереуілі бұрқ етті. Алдымен негізінен итальяндар иелік ететін «Ерсай Каспиан Контрактордың» жұмысшылары бастаған наразылықты Жаңаөзен мен қытайларға жарты үлесі тиесілі «Қаражамбасмұнайдың» қолдап әкетті. Миллиондаған баррель мұнайдың миллиардтаған көк қағазға айналып жатқанын мұнайшылар көріп отыр. Бірақ аспан астында жүзі тотыққан жұмысшылар сол байлықты игерсек те, неге біз таза кеңселерде, кондиционердің астында салқындап отырған ақ жағалылармен салыстырғанда тиын тебен алуымыз керек десті. Бұл ереуіл әлі жалғасып жатыр. Президенттің үлкен күйеу баласы Рахат Әлиевтің мәселесіне бола Қауіпсіздік Кеңесін жиған Ақорда аштыққа жатқан жұртқа еш жауап бермеді. Керісінше ереуілшілер ел эккономикасына залал әкелген зиянкестер боп шықты. Мұнайшылардың мұң шаққанына бір айдан асқанда, маусымда Астана Шанхай Ынтымақтастығы Ұйымының он жылдық мерейтойлы саммитін дүркіретіп өткізді. Оның алдында, сәуірдің аяғында осы ұйымға мүше елдердің қауіпсіздік кеңесінің хатшылары жабық есіктің ар жағында біраз келісімдерге қол қойып, алдағы саммиттегі келісетін тұстарды, кімнің не айтатынын пысықтап алған болатын. ШЫҰ саммитінде Қытайдыњ асығы алшысынан тұрды. Ең үлкен делегациямен келген аспан асты елінің әлемдік алпауытқа айналуы, амбициядан объективті шындыққа айналғаны сөздерінен де, жүрістерінен де байқалып ақ тұрды. Ұйымға мүше барлывқ елдерді несиемен жарылқап тастаймын деп мырзалық танытты. Американың айдауымен жүреді дейтін Ауған президенті Карзайдың өзі жата кеп аспан асты елін мақтады. Дипломатияның бұралаң, түсініксіз тіліне шебер Нұрсұлтан Назарбаев бұл жолы баяндамасында антиамерикалық сарынды жасырмай көрсетті. Ақорда көп векторлы саясатпен бірге, енді жақын көршіге бет бұру саясатын да кең қолдануға бел шешкен секілді. Сөйтіп, саммит Қытайдың геосаяси тұрғыда салтанат құруымен аяқталды. Бұл әрине, батыстағы анлосаксон топтарына ұнамайды. Осыдан кейін, Қазақстанда түсініксіз жағдайлар басталып кетті. Ақтөбеде полицейлерді өлтірген топты ұстауға бүтін бір армия жіберілді. Атқандар уахаббшылар екен деген сөз тарады. Олардың басына бұған дейін елде болмаған сыйақы – жүз мың доллар тігілді. Соншама ақша тігілген топ нағыз дайындыықтан өткен содыырлар ма дестік. Ал бірақ олардың ұрыс жүргізу тәсілі, жалпы ашық қимылдауы әскер тактикасынан хабары бар адам үшін түсініксіз нәрсе. Өрімдей жас балалардың сондай бір арнайы дайындықтан өтті дегенге сене алмаймын. Екіншіден, америкалық Google компаниясы Қазақстаннан кететінін жария ғып, бірнеше күннен кейін қайтып келді. Ресми түрде компания мұны Қазақстандағы итернет туралы заңнама талаптарымен келіспегенімен түсіндірді. Артынша, Астана һәм президенттің туған күніне аттай қалап шақырған британ әншісі Стинг келмей қалды. Халықаралық ұйымдардан елдің батысындағы мұнайшылар ереуілі туралы естіген әнші жұмысшысын қанаған елге коцерт қоймай депті. Стингтің бұл әрекетінің салдары америкалық «стингер» зымыранының соққысынан кем болмады. Енді, міне күні кеше Маңғыстаудағы мұнайшыларға Еуропарламенттің депутаты бастаған топ келіп кетті. Алматыда журналистерді жинаған шетелдіктер, Ақорданы дипломатиялық тілдің шамасы жеткенше сынап ақ кетті. Енді, осы оқиғаларды бір тізбекке жинасақ, әр бөлшегін қиыстырып құрасақ бір мозаиканың қалыбы шығады. Стингтің мұнайшылар мұңына бола пәленбай ммиллион доллардан бас тартқанына өз басым сеніңкіремеймін. Егер шынымен бұл азаматтық позициясы болса, онда қол соғам. Бірақ Стинг осыдан екі жыл бұрын еууропалықтар диктатор санайтын өзбек президенті Каримовтың қызының алдында ән салды емес пе? Қазақтар Стингке өзбектерден кем төледі деп ойламаймын. Сонда бұл не? Меніңше, бұл оқиғалардың түйіні Ақорданың саясатын ұнатпаған батыстағы ықпалды топтарда жатыр. Қараңыз, көктемде америкалық алпауыт мұнай компаниясы Shell Қазақстандағы барлық жобасын тоқтатты. Ағылшын, америкалық мұнай компаниялары елде жұмыс істеу мүмкін емес деп шағымдана бастады. Бұрынғы достар – қазақ үкіметі мен шетелдік инвесторлар арасында текетірес басталды. Есесіне, қытай инвесторларының асығы алшысынан түсті. Қазір Қазақстан кей дерек бойынша, Қытайдың энергетикалық сұранысының 12-15 пайызына дейін қамтамасыз етеді. Бұл сан алдағы уақытта өсе бермек. Елбасы бірнеше мәрте доллардан бас тарту туралы емеурін білдірді. Мұның бәрі, әрине кімге ұнамайтыны түсінікті нәрсе. Егер осы тұрғысынан қарасақ, елдегі болып жатқан оқиғалар Батыстан Ақордаға берілген ескерту белгісі секілді боп көрінеді.

Posted by: zhankuier | Шілде 15, 2011

Бәрі есімізде


 

 

  5 жыл бђрын, шілденің он төртінде қазақтар үшін қасиетті «шаңырақ» ұғымына тағы бір мағына берілді.  Алматыдағы «Шаңырақ» ықшамауданындағы қантөгіс бұл сөзге енді ашыну, қарсылық, мейірімсіздік деген секілді рең берді.

Бес жыл өтсе де, бәрі есімізде…

Атышулы оқиғаның сәл алдында, «Бақай» ауылындағы оқиғалар да көз алдымда тұр. Сол кезде, әкімдіік заңсыз деп таныған үйлер бірінен соң бірі бульдозердің табанында жаншылып жатты. Сондағы үй деп айтуға келмейтін, шағын саман лашықтың иесі жесір келіншектің зар жылағаны есімде. Нұрсұлтан мен Сара есімді балалары шешелерінің етегіне оралып, қыстығып көз жастарын төккені де есте. Үйін бұзуға келгендерге әлгі әйел «менен құжат сұрайсыңдар, менің және балаларымының қазақ болғаны құжат емес пе? » -дегені құлақтан кетпейді. Жылаған дауысты ауыр техника моторының даусы басып кетті. Тек үшінші мәрте соққанда барып құлаған тамның астында бір отбасының жақсыы өмірге деген үміті басылып қалды. Сонда тұрған жас та болса, қозы қарын байлап алған сот орындаушының жауабы да ұмытылмайды. «Жесір әйелмін дейді еще, үйін мықтап салғанын қарашы» -деп мысқылдады ау.

 Одан кейін «Шаңырақ». Айтпақшы, бұл оқиғалардың алдында ғана қаланың сол кездегі әкімі Иманғали Тасмағамбетов шаңырақтықтарға келіп, презиидент сайлауында бір адамға дауыс беруге үгіттеген еді. Мәселелерін шешіп беретінін айтып, домбырада күй де тартты.

 Кейін, күйін тыңдаған қауымды «әлеуметтік аутсайдерлер» деп атағаны да ұмытылмайды. Сол оқиғаға дейін бұрынғы география пәнінің мұғалімін өз басым сыйлайтынмын. Сол кезге дейін, оны қазақ тілі мен руханиятының, демек қазақ халқының жанашыры деп танитынмын. Ал енді, Шаңырақтағы оқиғалардан кейінгі пікірімді ешкім өзгерте алмайды. Мүмкін, Иманғали Тасмағамбетовпен сұхбат алудың реті түсер, сонда түсіндіріп берер. Ал әзірге, бес жыл бұрынғы оқиға ештеңені ұмытқызар емес.

 «Шаңырақ» оқиғаларына дейін, сол аудандағы жер үлестерін қала әкімдігінің үлестіріп бергені де есте. Аймақтағы тоқыраған қалалар мен ауылдардың тұрғындары Алматыға ағылды. Тұрмыс тауқыметінен арылу үшін, бала-шағаның болашағы үшін деген талай отбасы Алатаудың бауырына кеп тығылды. Көбісі, Алматының қара халық тұратын «Гарлеміне» айналған «Шаңыраққа» кеп баспана салды.

  Заңды деген мөр басылған қағаз елдің қолында жүрді. Бірақ, сол кезде ешкім тексермеді. Қайтіп тексереді? Адам өзі берген құжатты өзі тексере ме?

 Сол жазда жердің бағасы аспандап кеткені де есте. Жердің бағасы күйіп кетті емес пе?

 Сол кезде, «Шаңырақтың» орнына  әлдекімдер үлкен коттедж қалашығын салады-мыс деген де әңгіме тарағанын ұмытқан жоқпыз.

  Полицияның енді шабуылдамаймыз деп уәде беріп, артынша жаңа күшпен айқасқа шыққаны да бар. Резина оқтармен атып, шулы граната жарғандары даа ұмытылмады. Кейін дүйім халықты өтірікші атап, оқ атпадық деп ақталғаны, кейін дәлелдер пайда болғанда үнсіз қалғандары да есте.

 Бейсеновтің қазасы, Шаңырақ оқиғасына қатысушылардың үстінен болған сот, үкім, қуғындау бәрі есімізде. Президент сол кездері демалыста болды, ішкі істер министрі  Бауыржан Мұхамеджанов та үн қатпады.

 Ал, Шаңырақтағы қырғын ұмытылмады. Оны сотталғандардың туыстары да, «Шаңырақтың» тұрғындары да, өлген жас полицейдің жақындары да ұмытпады. Бәрі есімізде. Бұл оқиғаны билік те есінен шығармады деп үміттенем.     

                      

Posted by: zhankuier | Шілде 7, 2011

Астананың тойы туралы


Астана мен Елбасының туған күні биыл да дүрілдеп өтті. Ресейлік композитор Игорь Крутойға Қазақстанның халық әртісі атағын беретін де кез болған секілді. Қазақтың тойына бір кісідей ат салысқаны үшін. Роялын арқалап келіп, концерт қойғаны үшін миллиондап ақша алса да… Есесіне, қазақ көрерменін батыстың өнерімен сусындатып жатыр емес пе?
Стинг келе ме деп едік… Сөйтсек ол, қайдағы бір «Амнести Интернешнл» деген ұйымдағы әлдекімдердің сөзіне еріп, концерт қоюдан бас тартты. Батыстың әншісі Қазақстанның батысындағы мұнайшылар ереуіліне осылайша қолдау білдіріпті. Мұныысы тіпті қызық болды, біз үшін. Мысалы, «Ұлытау» тобы елді дефолтқа әкелген грек үкіметіне қарсылық ретінде Афиныда концерт беруден бас тартқан жағдайды елестетіңізші? Қазақы қоғамның басына кірмейтін құбылыс бұл. «Шақырғаннан қалма, шақырмасаң барма» деген. Бірақ Стинг басқаша ойлады. Мейлі, қазақтың ақшасын артық көрсе өзі білсін. Қазақ үкіметі былқ етпеген ереуілшілерге неге емешегі үзілгенін Есілдің бойындағы бірталай адам сол күйі түсіне алмады білем.
Жә, Стингсіз де той өтеді, дәлірек айтқанда өтті. Саясаттан аулақ жастарға Араштың келгені де үлкен мереке болды.
Бірақ, бір елдегі ортақ тойды бүтін елдің бірге тойламағаны алаңдатады. «Бармасаң, келмесең, жат боласың» деген бар. Аста –төк той жасаған Астанадан мың шақырымдай жердегі Маңғыстауда мыңдаған адам наразылық білдіріп жатыр. Мәселе олардың әлеуметтік талаптарында емес, ең бастысы, жалпыұлттық идея, жалпыұлттық қуаныш болмады. Ауылда, ағайынының бірінің басына іс түссе, тойға дайындалған туысы мерекесін кейінге шегеретін дәстүрі бар. Әрине, Астананың тойын ереуілшілерге бола тойлатпай тағы қалмайсың. Тек танымайтын адамдар ғана, қара жамылған үйдің жанындаа тойын жасайды. Өйткені ол үшін ананың қайғысы ортақ емес, ол мүлдем басқа адам. Теледидардан Африкадағы Руанда елінде қырылған адамдарды көргенде, бәріміз алдаа обал болған екен деумен шектелеміз. Адамға жасалған қиянат тоқтаатылсын деп, ешқайсымыз көшеге шықпаймыз. Себебі, ол алыстағы, атын ғана білетін бьір елдің басындағы жағдай. Ең қауіптісі де сол, Маңғыстаудағы адамдардың тағдырына Руандадағы тайпалардың қасіретіне қарағандай көңілде болмау керек! Өйткені біз, бір елміз! Бауырың қиналып жатса, бір тілім нан қайтіп тамағыңнан өтеді?
Олардыкі заңсыз дейді прокуратура. Бірақ, заң дегеніміздің өзі мұнайшылар секілді екі қол, екі аяғы бар кәдімгі адамдармен жазылған ереже емес пе? Заңнан халық қаймығады, бірақ ол түземейді. Тек ар, ұят қана қоғамды рухани тәртіпке шақырады. Америкалық үндістер, америкалықтарды «ақымақ» деп санайды. «Неге» деген сұраққа, «олар баспен ойлайды, ал дұрысында жүрекпен ойлау керек» деп жауап береді.
Ал, жүректі тыңдасақ, ол қасаң экономикалық мүдде, қатып қалған есептен бұрын, адамның өзін бағалау тұрғысынан шешім қабылда дейді.
Астана күні барша қазақтың тойы болса екен. Теледидардан Астанадағы қызылды-жасылды отшашуды көрген жан үшін ол бөтен мереке болмаса деймін.

Posted by: zhankuier | Шілде 6, 2011

ҚАЗАҚИ ТӘРБИЕНІҢ БІР ҚЫРЫ


 

  Қазақи ауылда дипломсыз қыз абыройсыз қыз секілді естіледі. Неге екені белгісіз, «пәленшенің» баласы дипломы бар келін түсіріпті дегенді ауылдың кемпірлері құдды бір қазақтың баласы Марсқа қоныпты дегендей ғып айтады.

 Осындай «қоғамдық пікірдің» кесірінен кез-келген қазақ үйі қыздарын оқытуға тырысады. Ал ұлына келгенде, «әй, кетпен ұстаса да бірдеңе ғып күн көреді» – дейді. Арман болған Алматыда жүріп, қызығы мен шыжығын көрген қыз бала өлсе ауылға оралғысы келе ме? Біраздан соң ауылда қалған, «көн етікті» болған құрдасына, кластасына шекеден қарай бастайды. Ал қаланың «көк етіктісінің» көкейіндегі қыз ауылдан шыққан бойжеткендердің арасынан табыла бермейді. Сөйтіп, кәрі қыздар қаптап кетті дейміз.

Қазір дағдарыс кезінде , түрлі қызмет көрсету кәсіпорындары жабылып жатыр, ал онда істейтіндердің басым бөлігі — қыз-келіншектер. Соған қарамастан қалаға ағылған әйелдердің саны толастар емес. 

  Алматы қалалық статистика департаментінің мәліметіне қарасақ, елдің бас мегаполисіне басқа қалалардан келушілердің қарасы азаяр емес. 2009 жылдың басынан бері Алматыға Қазақстанның өзге аймағынан 39 537 адам келіп, олардың 14 мыңнан астамы қалада қалған. Енді қараңыз, келгендердің ішінде әйелдердің қарасы басым: 23 мыңнан асады. Оның ішінде 10 мыңы қалада қалған. Алматыны жағалап келген еркек кіндіктілердің санынан  1 жарым есе көп.

 Бұл санның бір бөлігін ЖОО-на келген студенттер құрайды, тағы бір бөлігі базардағы әйелдер армиясының қатарын толтырады. Сейфуллин мен Сайын көшесіндегі «базаршыларды» да ұмытпаған жөн. Қорытынды: әйелдер ішкі көші-қонда белсенді бола бастады.  Бұл әрине, бір жағынан «қысылғаннан қыз болғанның кері». Өйткені қалаға қыз-келіншектерімізідің қыдырып келмегені түсінікті. Баяғы сол күн көрістің қамы. Бірақ, мына жайды да бәріміз байқап жүрміз. Кафе, мейрамханаларға бас сұқсаңыз, негізінен қыздарды көресіз, түнгі клубта «шайқап» жүргендердің арасында да қыз-келіншектер бір қауым.

 Қазір жақсы қызметі бар,  бірақ «отырып» қалған қыз-келіншектердің қарасы көбейді. Балаға білім берудегі отбасылық осындай көзқарас  қала мен ауылдың арасындағы алшақтықты ушықтырып жіберді. Қаншама қыздың «ауылға барғым келмейді, байсыз жүрсем де қалада қалам» дегендерін естідім. Тіпті көңілі қалағаннан бала туып алып, өзінше отбасылық «бақытын» тапқан келіншектер қаншама?      

  «Кетпен ұстап, күн көретіндер» де қалаға келіп жатыр. Ауылдыың балаларын айтам. Құрылыс пен базардың маңындағы «сары желет» кигендердің армиясы осылардан тұрады. Кілең қара қазақтар. Өз басым 100 теңгеге бола, көліктің астына түсіп кете жаздап жүгірген, басқа ұлттың баласын көрмедім. Арба сүйреп, арқа еті арша болған қазақтан басқаны байқай алмайсың.  Әрине, әлеуметтік аурумызды қазақтың тәрбиесіне жауып тастай алмаймыз.  Дегенмен де… Баланың тәрбиесіне ұлттың тәрбиесі деңгейінде қарасақ, күн астынан орнын таппай жүрген күнқақты болмас па едік?

Ерлеріміз бен әйелдеріміздің арасындағы осындай әлеуметтік, экономикалық алшақтық сөз жоқ, демографияға, яғни ұлт қауіпсіздігіне қауіп төндіреді. Қыз баланы оқытуды шариғатқа қарсы деп түсінетін Ауғанстан секілді елдердің қаншалықты артта қалғанын бәріміз көріп отырмыз. Ал ұлт тәрбиесінің алтын қазығы — бала тәрбиесіне осылай қарасақ, біздің де шекеміздің қызбасы белгілі. Әрине, бұл жаппай бел алған құбылыс деуге болмас. Алайда, осындай үрдістің қалыптасқаны айдан анық.

Posted by: zhankuier | Шілде 6, 2011

НАНотехнология


Қазақстанға техникалық жоғарғы оқу орындарының жаңа моделі қажет. Бізде қалыптасқан мынандай жағдай бар. Студент оқуын бітірген соң, жұмыс іздейді. Барған жері әрине, көп жағдайда тәжірибесінің бар-жоқтығын сұрайды. Университет қабырғасынан шыққан адамда қандай тәжірибе болсын? Сөйтеміз де, мамандарға сұраныс жоқ, жастар жұмыссыз деп дабыл қағамыз. Дамыған елдердің бізден айырмашылығы да осында жатыр. Олардың студенттері оқуын бітірген соң, жаңа жұмыс орнын ашады. Біз жұмыс іздесек, олар басқаларға жұмыс береді. Ќазаќстандаѓы ЖОО-да білім беру жүйесін өзгерту керек. Қазір инновацияға негізделген жаңа экономика құру туралы жоғары мінберлерден жиі айтып жатыр. Ал жаңа экономика дегеніміз — жаңа білім беру жүйесі. Бәсекеге қабілетті экономика құру үшін, бәсекеге қабілетті маман дайындау керек. Шетелде оќыту жџйесі: оқу орны — бизнес-инкубатор — технопарк деген принциппен ќђќылѓан. Студенттер білім ордасының табалдырығын аттаған күннен бастап, қолданбалы яғни өндіріске енгізуге дайын инновациялық жобалар жасауға қатысады. Студенттің курстық, дипломдық жұмыстары құр баға үшін жазылмайды. Жоба нақты бір мәселені шешуге бағытталуы керек. Онда инновациялық дәнегі, тың ой болуы тиіс. Мәселен, құрылыс-архитектура саласының болашақ инженері, сабақта математикадан құр есеп шығармайды, салынып жатқан ғимараттың, көпірдің, жалпы кез-келген нысанның жобасының есебін шешеді. Яғни, студент оқып жүріп, нақты бір экономикалық проблеманы шешуге атсалысуы керек. Инновациялық білім жүйесінің артықшылығы осында жатыр. Студенттер мен оқытушылардың ұсыныс, бастамалары арнайы бизнес-инкубатордан сұрыптан өтеді. Кейін тџрлі компаниялардан келген сарапшылар тобы өндіріске енгізуге болатын, қазіргі нарық талабына сай деген жобаларды таңдап алады. Іргелі ѓылым мен ќолданбалы ѓылым Іргелі ғылым, ең алдымен кез-келген идеяның теориялық түсініктемесін жасайды, оның болашақта қай салада, қандай мақсатта қолдануға болатыны туралы жалпы негіздемесін береді. Ал қолданбалы ғылым, идеяның өндіріске еніп, табыс әкелуіне көңіл бөледі. Яғни, жоба экономикалық-техникалық жағынан мұқият есептеліп, шығын мен пайданың арақатынасы белгіленіп, нақты коммерциялық пайда беруі тиіс.  Технопаркті идеяларды өндіріске дайындайтын бастауыш саты ретінде қарастыруға болады. Бір ғана Германиядағы 20 шақты техникалық университеттің өз технопаркі бар. Ең жаңа құрал-жабдықтарға ие бұл технопарктерге салық және кедендік баж салығы жағынан үлкен жеңілдіктер берілген. Сондықтан инновациялық компаниялар университетің іргесіндегі технопарктерде жұмыс істеуге айрықша мүдделі. Мысалы тапсырыстар әртүрлі болуы мүмкін. Егер технопарктегі фирманың қажетті құралдары болмаса, университетке тиесілі жабдықтарды жалға алады. Мемлекеттік тапсырыс келсе, технопарктегі компаниялар жобаға университеттің білікті 3-4 студентін сол жобаға қатыстыруы міндетті. Әрі жоба өндіріске еніп, сәтті болып жатса, студент өзінің пайыздық үлесін алады. Яғни, жобаң іске асса, оқып жүріп ақша тауып, кәсіпкерге аналасың. Былай ќарасањ, жђмыс істеудіњ моделі дап-дайын. Ал бізде технопарктерді құрған кезде, әйтеуір технопарктер болуы үшін ғана құрғандай болдық. Қазір технопарктердің көпшілігі кеңсенің жалға беретін ұйымға айналды. Ол жерде ғылым қайтіп дамиды? Қазір мемлекеттік деңгейде технопарктерге үлкен жеңілдіктер жоқ. Технопарктер қосымша құн салығын төлейді. Ал шикізатты шетке шыѓаратындар оны кейін мемлекеттен қайтарып ала алады. Дамыған елдердің бәрінде инновациялық университеттерді, экономикаға жаңа өнім ұсынатын оқу орындарын алақандарына сап, аялап ұстайды. Өйткені олар нарыққа өзгеде жоқ жаңа өнім береді, әрі сол өнімді шығаратын, жаңа экономиканың тілін білетін мамандар дайындайды. Ал, Ќазаќстанда нанотехнология –НАНотехнология боп ќалуда. Былайша айтќанда, кљпшілікке ѓылымды дамытудыњ «саяси» мазмђны ѓана жетеді.

Posted by: zhankuier | Шілде 4, 2011

Соңғы ойлар.


Қытайдың коммунистік партиясының құрылғанына тоқсан жыл толуына орай, көрші Аспан асты елінде Қытайдың амбициясы мен халқының санына сай келетін мерекелік шаралар өтуде. Оның біразы туралы Қытайда қазақ тілінде шығатын http://kazakh.people.com.cn/kryl/ газетінде егжей-тегжей баяндалған. Қатеден көз ашпаған, шалағай қазақ тіліндегі бұл сайттың басты ерекшелігі, оны кирилл қарпіндегі қазақ тілінде де оқуға болады. Шыңжаңдағы қазақтардың дені Ахмет Байтұрсын баласының төте арабшасымен оқып-жазатынын ескерсек, кирилл қарпінде оқу кіім үшіін қажет болды деген сауал туады. «Самарқанның көк тасына» дейінгі жер аспан асты еліне қарайды деп санайтын ханзулардың саясаты Цинь империясынан бастап, Мао Цзе Дунньнан бері еш өзгерген жоқ. Жалпы қытай халқы тарихында, саясатында бір нәрсені өзгертуге аса құлықсыз. Ол үшін он ойланып, жүз толғануға бар. Дегенмен бұл сайтта қынжылтатын бір нәрсе, кириллица қарпіндегі қазақ тілінің бейшара халі. Орыысша ойлайтындардың қазақша жазғандарына қарап жүрегіміз ауырып жүргенде, қытай қазақтарының қазақшасы тіпті түңілдіріп жіберді. «Қайда барса да, қазақ тілінің көрі болды ғой».

 Айтпақшы, Қытайға қатысты тағы  бір жаңалық. Қытайдың мемлекеттік банкі соңғыы кездері қазынасындағы доллар қорынан  күн сайын 2 млрд доллар сатып жатыр. http://actualcomment.ru/news/26810.html   Бәзбіреулердің болжауынша, орнын евромен толтырмақшы-мыс. Несі бар, Қытайдың соңғы кездегі АҚШ-пен арадағы қарым-қатынасына қарасақ, орынды қадам. АҚШ Оңтүстік Қытай теңізінен табылған пайдалы қазбалар кеніндегі таласта Филиппинді жақтап отыр. Ал Қытай мұхиттар мен теңіздегі пайдалы қазбаларды өндіруден әлемде алдына жан салмайды.  Кен демекші, тееңіз астындағы байлыққа қатысты мына бір жаңалықты даа көріңіз. http://news.nur.kz/188819.html.

 Енді Қытайдың евро сатып алуына келсек. Қытай жақында Германияның өзіне он бес ммлрд доллар қарыз беерем деді. Испанияның алты млрд евро болған мемлекеттік қарызын сатып алуға дайыын екенін білдірді. Осы жерде, бір сәт кідірейікші. Алты млрд евро. Испанияның алпауыт екі футбол клубы: Мадридтік «Реал» мен Каталуниялық «Барселонада» ойнайтын ойыншылардың трансферлік құнын қосқанда млрд евро шығады. Сондай ел, алты млрд евро мемлекеттік қарызына бола байбалам салып жатыр. Европалықтарды түсіну қиын өзі. Далиған даласындай мінезі бар біздерден үлгі алса ғой. Кей дерек бойынша, сыртқа жүз он тоғыз млрд доллар қарыз болсақ та, дамыған елдер қатарына кіру үшін күндіз-түні дамылсыз дамып келе жатқан ел емеспіз бе? Ресми баспасөздің айтуынша… ал ресми баспасөзге біздің елімізде тарихи жағдаят бойынша ел қалтқысыз сенеді. Он шақты жыл бұрын болған бір оқиға есіме түсіп отыр: түсіру тобы бұрқасын бораны қарыымен араласқан бір түнде айдаладағы шопанның үйіне жеткен едік, түнделетіп. Сөйтсек, ол үйдегі кемпірден басқа жан біздіі келеді деп күтпепті. Апамыздыың сонда, «айттым ғой, үкімет айтса, келем деген жеріне келеді»- деп мәз болғаны бар. Жә, бірді айтып бірге кеттік. Сонымен бұқаларды діңкелетіп, өзіне бағындырған матадорлар қайдағыы біір алты млрд евроға бола неге аласұрды деймін да. Біздің қарызды кім сатып алар екен? Жақын арада Қытайдан басқа қалталы саудагер көріп тұрған жоқпын. әрине, қытайдың доллаар сатқанынан әміркеннің көк қағазы бір күнде … сүртерге айналмасы анық. Оған Қытайдың өзі де дайын емес. Бәрібір, Қытайдың саудасының дені мұхиттың арғы жағындағы алпауыт елмен жүреді. Тек Европаны «қытайша сауықтыру» бағдарламасының түп төркінінде болашақта әміркеннің көк қағазынан экономикалық жағынан тиімді құтылу мақсаты жатыр. Бұл жерде оның қалай жүзеге асуы мүмкін екенін сағызша созыып айтып жаатпайын. Экономикадан және геосаяси жағдайдан хабардар оқырман өзі де әрі қарай түсініп алар.

Ал екі алпауыттың арасындағы текетіресті тәптіштеп нееге жазып отыр дейсіз ғой, баяғы? Онда географиядан, әлемнің геосаяси құрыылымынан хабарсыз боп шығасыз. Қазақ елі Қытайдың құдай қосқан немесе тектоникалық плиталар қосқан көршісі. Азия мен Еуропаның ортасындағы көпір. Энергетикалық пайдалы қазбаларға бай ел.  Мұндай ел әлемді билегісі келген түрлі «uncl»-дар мен басқалар үшіін әрқашан тәтті майшелпек. Ал ШЫҰ ның Астанада өткен мерейтойлы саммиті «қазақ шелпегі» үшін тартыста армиясының саны жағынан Гиннестің рекордтар кітабына лайық қысық көз көршілердің жолы болғанын бағамдауға болады. Бұл туралы кейінірек.

Posted by: zhankuier | Маусым 1, 2011

ИПОТЕКА


Оны үйінен қуды, ал ол өмірден өтті. Отыз сегіз жастағы павлодарлық Марат Нүркенов өзін көпбалалы отбасымен ипотекалық үйнінен шығаруға қарсылық ретінде он қабатты үйден секіріп кетті. Отағасынан айырылып қалғандар, оның жансыз денесін құшақтап аңырап жатқанда, сот орындаушылары олардың үстінен аттап өтіп, үйден дүние мүлікті шығаруды жалғастыра берді. Ал павлодарлық сот орындау департарменті марқұмның туысытарына көңііл айтудың орнына, банктің талабын орында деп сан рет айттық деп қара жамылғандардың өзін айыптады. Мұның сыртында үйлерінен қуылып жатқан тағы екі әйел өздерін өртемек болды.

  Бұдан бұрынырақ, Алматыда бозбала асылып өлген еді. Кәмелетке де толмаған балаға, банк марқұм анасының ипотекалық борышын іле салған.

  Бұл не? Біздің қоғамда адамгершілік, иман атаулы моральдық категориялар қайда кетті? Кеше ғана сол банктер құшақ жая қарсы алып, несиені тегін беретіндей боп шақырды емес пе? Осыдан үш төрт жыл бұрын БАҚ тағы жарнаманың жетпіс пайызына дейін банктердің үлесіне келетін. Қазақстан тұрғындары үшін, баспана ең өзекті мәселенің бірі. Ал теледидарда арман болған әсем үйлер мен пәтерді сатып алуға ақша береміз деген «жомарт» банкирлердің ұсынысы бәрін де қызықтырды. Ал үкімет өркениетті елдерде тұрғындардың несиеге өмір сүретінін үлгі етті. Бұл нарық экономикасындағы қалыпты жағдай десті. Кепілдік те берді.

 Ал енді… Енді билікке, банкирлерге сенген халық несиені алғаны үшін кінәлі боп шықты. Сұрақ көп, жауап жоқ. Мысалы, дағдарыс келген кезде неге үкімет ең алдымен банктерге көмектесті? Сіз бен біздің салығымыз неге ең алдымен сол өсімқор банкирлердің капиталын құтқаруға жұмсалды? Қазір, ес жиған соң, неге олар өздеріне көмектескен азаматтарды үйінен қуып шығады? Бәзбіреулер мені экономикалық сауатсыз деп айыптар. Банк деген экономиканың күретамыры дер. Ал мен айтайын, банктер экономиканың қатерлі ісігіне айналды. Өсімқорлық, біреудің ақшасын депозит деген атпен алып, екінші біреуге үлкен пайызбен беру үшін үлкен экономист болудың қажеті жоқ. Егер экономика деген осы болса, бұл тек ақша мен пайыздардың экономикасы. Экономика сөзінің өзі грек тілінен аударғанда «үй шаруашылығы» дегенді білдіреді. Сонда бір үйде біреудің жұмыс істеп, ал екіншісінің ақша дейтін қағазға ананың өнімін алуының қандай эккономикалыық пайдасы бар?  Екінші деңгейлі банктерден нақты өндіріске несие алудың қандай қиын екенін кез келген кәсіпкер жыр ғып айтып беере алады. Өйткені банктерге ұзақ мерзімдіі өндіріске ақша беру тиімсіз. Оларға дәл қазір, тез арада пайда тапқан тиімді. Өйткені олар біреудің ақшасын сізгее беріп отыр. Ипотекалық қарбалас пен тұрғын үй бағасының аспандауында тығыз байланыс бар. Өзара сөз байласқан құрылыс компаниялары мен банктер бағаның шарықтауына мүдделі болды. Үлкен ақша жүрген жерде адамгершіліктің құны төмендеейді, мораль инфляцияға ұшырайды. Ашкөзділік пен ауадан ақша жасаудың арты қаржы дағдарысына ғана емес рухани дағдарысқа тірейді. Ал оның құрбандары павлодарлық жігіт секілді қарапайым жандар.

  Ал оның отбасы жиырма бес мың АҚШ долларының төрт мыңын ғана  төлей алмай қалған!!! Мерзімін шегеруге банк келіспеген.

 Ал, салық төлеушілердің ақшасы дағдарыс кезінде сол банктерді құтқаруға кетті. Парадокс! Біз өзімізді сорып отырған банктерге тағы көмектесеміз. Алайда бұл билік үшін парадокс емес!!! Неге екенін айтпай ақ қояйын.

Тек, енді ипотека дегенге жоламаймын. Ол исламша, «ширк», христианша «табуға» айналды мен үшін.

Posted by: zhankuier | Қыркүйек 6, 2010

Түрікте кеткен есе қашан қайтады?


Қазақстан-Түркия 0-3. Қашан біз футбол ойнаймыз? Балалар футболын дамытпайынша көрінгеннен жеңілгеніміз жеңілген. Академиялық футбол ойнап жүре береміз осылай. орталық алаңға дейін доп барады да, әрі қарай допты не істерлерін білмей тұрып қалады. Испанияда допты не істеріңді білмесең Хавиге пас бер дейді.  Соңғы пас деген біздің ауру болды. Құраманың қос қапталы түріктердің жолына кілем төсеп берді. Голдың бәрі дерлік қапталдан келді. ол жақта түріктер ойына келгендерін істеді.  Орталық қорғаушылар Көмекке барудың орнына, топырлап түріктің бір шабуылшысын күзетті. жылдамдық, реакция деген атаулы қазақстан құрамасына жат ұғым секілді. Өстіп кезекті бір құрамадан таяқ жеп отырғанда, өзбектер балалар футболын дамытып, Месси, Роналдуларды шақырып мастер-класс өткізуде.

Posted by: zhankuier | Тамыз 23, 2010

Hola, La Liga


Біраз уақыттын соң, менің жақсы көретін чемпионатым-Испанияның Ла-Лигасы басталады. Биыл да чемпиондыққа  Реал мен Барселона ғана таласады деп ойлаймын. Қатарынан екі рет дымсыз қалған Реал биыл тағы да біраз шығынданып Ди Марияны сатып алды, Германиядан Өзіл мен Хедираны алдыртты, шау тарта бастаған Карвальюмен қорғанышын күшейтпекші. Енді арзандау бойшаң  шабуылшы бар ма екен деп базар жағалап жүр. дайындық жаттығу ойындарын меренгес бірқалыпты өткізді. алайда нағыз сынақ әлі алда. «special one» – Моуриньо бүгін каталондық Пеп Гвардиоланы  әбден мақтады. Мұндай бапкермен барселона әлің талай белестерді бағындырады дейді Жозе.  Сеу Моуриньо Реал екі тактикалық схемамен ойнады деді: 4-3-3 және 4-2-3-1. бірінші тактика Осасуна, Мальорка сияқты ортаңқол командалармен ойнағанда қолданылады деп ойлаймын. негізгі қорғаушылар: С. Рамос, Пепе, Альбиоль және Марсело,. Орта шепте Шаби Алонсоның  үнемі ойнайтынына күман жоқ. Оған Өзіл және Гранеро көмектесуі мүмкін. жарақатынан айыққасын Кака ойнайды әрине. Алғы шепте Бенземе-Игуаин-КРиРо болуы керек. Әрине Өзіл мен Педро Леонды да есептен шығармаймыз . айтпақшы, Бензема соңғы ойында дубль жасап, өзінің  шабуылшы екенін есімізге салды.  Ал екінші тактиканы Муриньо Барса, МЮ, Челси сияқты алыптармен ойнағанда қолданады. ол бойынша орталық алаңда Шаби Алонсо мен Хедира секілді екі бірдей қорғанысқа жақын жартылай қорғаушы болады. Олардан жоғарырақ Роналду, Өзіл, Кака орналасуы тиіс. Олдардың орнын Педро Леон, Эстебан Гранеро да баса алады.   Ал алғы шептегі жалғыз шабуылшының орнына  Бензема мен Игуаин таласады.

Ал Барса әрине өзінің «тарихи» 4-3-3 схемасымен ойнауын жалғастыра береді. айтпақшы, блауграна осы маусымдағы алғашқы кубогын жеңіп алды. Испанияның  суперкубогы үшін болған ойында Севильяны 4-0 ғып ұтты, Месси испан чемпионатындағы 6-шы хет-тригін жасады. Енді  Барселона жеңіп алған суперкубоктың саны жағынан Реалдан озып кетті. Ал бұл кулес үшін сөзсіз өте маңызды жайт)))). Барса биыл Вилья мен Адрианоны сатып алды.  Реалмен салыстырғанда әрине аз, бірақ Пеп барсаның  кантерасына үміт артады. ал онда Хонатан Дос Сантос, Тиаго Алькантара, Миньо секілді таланттар жеткілікті. мысалы 18 жастағы Ориель Ромеу биыл  негізгі құрамға енді. Өте талантты футболшы. Бускетс секілді опорник саналғанымен, шабуылды бастай алатын, ойын өрнегін құра алатын, тас қамал қорғаушыға да айналатын әмбебап ойыншы. Дегенмен Барсаға орталық алаңды күшейтетін бір футболшы қажет деп ойлаймын. егер Ливерупльмен келісіп жатса, камп ноуға Маскерано келмек. Бускетс барсаның  моделіне Маскераноға ақарағнда әлдеқайда жақын, әрине. Дегенмен Челси, Интер секілді атлет командалармен ойнағанда маски секілді «хавбульдер» керек ақ))).  Педроның соңғы екі жылдағы прогрессі қуантады. Педрито аталып жүрген шабуылшы қазір айып алаңындағы әккі мергенге айналды. бірге бір шыққанда кез-келген қорғаушыны тақырға отырғызып кететіндей техникасы бар, жылдам, екі аяғымен де тебе алады. Биыл сонымен бірге жас орталық қорғаушы Фонтасты да ойыннан көргім келеді. Фонтас  Пике мен маркес секілді бірінші пас бере алатын тактика жағынан өте мықты ойыншы.

сонымен ла-Лига осы аптаның аяғында ресми матчтарын бастайды. реал былтырғыдай мальоркамен ойнайды. былтыр аралдықтарды 4-1 ғып жеңген еді. Биылғы беталыстарын көрейік.

Older Posts »

Санаттар